Кіру lang

Сұрақ

Сіздің пікіріңізше донорлық – ....
 

Баннерлер

ban1

Есептеу


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін13
mod_vvisit_counterКеше75
mod_vvisit_counterОсы аптада88
mod_vvisit_counterӨткен аптада1203
mod_vvisit_counterОсы айда3306
mod_vvisit_counterӨткен айда4790
mod_vvisit_counterБарлығы55964

Сейчас на сайте: 3
Ваш IP: 38.107.179.231
,
Сегодня: 2012-05-21
Қан орталығы Печать

Қан тобы мен резус-факторды анықтау

Өткен ғасырдың басында ғалымдар қан 4 тобы бар екендігін дәлелдеді.

Австриялық ғалым Карл Ландштайнер, адамдардың эритроциттерін басқа бір адамдардың қан сарысуымен араластыра отырып, кейбір эритроциттер мен қан сарысудың үйлестіру барысында «жабысу» - эритроциттердің жабысуы және ұйытынды пайда болатынын тапты, ал басқа бір үйлесімділікте – ол байқалған жоқ.

Ландштайнер қанның қызыл жасушаларын зерттей отырып, ерекше заттарды анықтады. Ол оларды екі санатқа бөлді А және В. Ерекше заттар болмаған жасушаларды үшінші санатқа жатқызды. Кейін оның оқушылары - А. фон Декастелло және А. Штурли А және В типті бір эритроциттерді анықтады.

Зерттеулер нәтижесінде қан топтарын бөлудің АВ0 атты жүйесі пайда болды. Бұл жүйені осы күнге дейін пайдалананудамыз.

Қанның қандай топтары болады?

Адамдар арасындағы қан топтары бойынша айырмашылық – белгілі антигендер мен антиденелердің құрамының айырмашылығы. Қан тобының негізгі жіктелу жүйесі – АВ0 жүйесі (былайша оқылады – а, б, нөл). Қан топтарының «жабысу» факторының (агглютиноген) бар немесе жоқ болуы бойынша белгіленеді:

І (0) – 1-ші қан тобы А және В антигендерінің жоқ болуымен сипатталады;

ІІ ( А ) – 2-ші қан тобы А антигені бар болғанда белгіленеді;

ІІІ ( АВ ) – 3-ші қан тобы В антигені бар болғанда белгіленеді;

ІV ( АВ ) – 4-ші қан тобы А және В антигендерінің болуымен сипаталады

igik igik2

Резус-фактор дегеніміз не?

Резус-фактор эритроциттердегі антигенді (ақуыз) құрайды. Резус-фактор АВ0 жүйесі бойынша топтық тиістілікке тәуелді болмайды, өмір бойы өзгермейді және сыртқы факторлар оған әсер етпейді.

Бұл зат адамдардың 85%-ында бар және тиісінше олар резус-оң адамдар болып табылады. Осы зат болмаған адамдар резус-теріс болып табылады.

Қан тобы мен резус-фактор талдауын тағайындаудың қандай көрсеткіштері бар?

1. қан құю үшін үйлесімділікті анықтау;

2. жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы (ана мен сәби қанының АВ0 жүйесі бойынша үйлеспеушілікті анықтау);

3. операция алдындағы дайындық;

4. жүктілікке дайындау және теріс резус-факторы бар жүкті әйелдердің динамикасын бақылау).

Талдау неше күнде дайын болады

1 күн

Қан тобы мен резус фактор талдауының нәтижесі қандай нысанда беріледі?

· 0 (I) – бірініші топ;

· A (II) – екінші топ;

· B (III) – үшінші топ;

· AB (IV) – төртінші топ.

Rh + (оң) немесе Rh – (теріс)

Жүктіліктің алғашқы кезеңдеріндегі әйелдер қан тобы мен резус-фактор талдауынан өтуі тиіс.

Неліктен осы көрсеткіштер болашақ ана мен сәбиді дамыту үшін маңызды?

Жүкті әйел резус-факторының дәрігерлер үшін маңыздылығы неде?

Бұл баланы сәтті көтеру және туу үшін маңызды көрсеткіштер болып табылады. Егер әйелдің резус-факторы теріс болса, жүктілік кезінде белгілі проблемалар туындауы мүмкін.

Осындайда баланың болашақ әкесі де резус-факторын анықтауға арналған талдауды тапсыруы тиіс.

Ата-ананың екеуі де теріс резус-фактор тасымалдаушылары болып табылатыны анықталса, тынышталғанымыз ерте болар. Өйткені, бұл белгі тұқым бойынша тұрақты түрде берілмейді, бала оң резус-факторын иемденуі мүмкін.

«Резус-теріс аналар» жүктіліктің алғашқы апталарынан-ақ қауіпті топқа жататындықтан, кез келген жағдайда дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.

Ана мен сәби резус-факторының айырмашылығы немесе қауіпті?

Егер болашақ ананың резус-факторы оң, ал баланікі теріс болса мұнда тұрған ештене жоқ. Алайда, керісінше жағдай - ананың резус-факторы теріс, ал баланікі оң болса, резус-конфликт төмендеуі мүмкін. Сәби эритроциттері плацента арқылы аналық қанға өтуі мүмкін, ана ағзасы оларды бөтен зат ретінде қабылдап, иммундық реакцияны туғызады. Егер ондай жағдай орын тапса, жүкті әйелінің қанында тиісті антиденелер пайда болады. Оның саны аз болғанда қауіпсіз болады, алайда шоғырлануы артық болса, резус оң эритроциттердің антиденелері сәбиге қайта оралып, оны жоюы мүмкін. Баланың қан өндіретін мүшелері (бауыр, көкбауыр) сол заттың орнын толтыруға ұмтылып, жоғары жүктеме салдарынан ұлкеюі мүмкін. Осының бәрі «жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруы» деп аталатын бірқатар елеулі проблемаларды тұғызады.

Сондықтан дәрігерлер болашақ ананың резус-антиденелерінің деңгейін қадағалайды: теріс резус-факторы анықталған жүкті әйел талдауды 28 аптаға дейінгі мерзімде ай сайын, кейін – әр екі апта сайын тапсыру керек. Бұдан басқа, медициналық қызметкерлер сәбидің бауырына да назар аударады. Егер бауыр үлкейген болса, жүктілік үзіледі неесе құрсақтық қан құю жүргізіледі – бүгінгі күні бұл да болуы мүмкін.

Біздің балаларымыз қандай қан тобын иеленеді?

Генетик-ғалымдар баланың қан тобын тұқым қуалауының қағидаттары өзге белгілері принциптеріне ұқсас болатынын дәлелдеді. XIX ғасырдың екінші жартысында Менделлеев осы заңдылықтарды биология оқулықтары бойынша бәрімізге мәлім бұршақ тәжірибесінің негізінде анықтап берді.

Әкесі мен анасының қан тобына байланысты баланың қан тобын тұқым қуалаудың кестесі

АНА + ӘКЕ

БАЛАНЫҢ ҚАН ТОБЫ: БОЛУЫ МҮМКІН ВАРИАНТТАР (%)

I + I

I ( 100 % )

-

-

-

I + II

I ( 50 % )

II ( 50 % )

-

-

I + III

I ( 50 % )

-

III ( 50 % )

-

I + IV

-

II ( 50 % )

III ( 50 % )

-

II + II

I (25 % )

II ( 75 % )

-

-

II + III

I ( 25 % )

II ( 25 % )

III ( 25 % )

IV ( 25 % )

II + IV

-

II ( 50 % )

III ( 25 % )

IV ( 25 % )

III + III

I ( 25 % )

-

III ( 75 % )

-

III + IV

-

I ( 25 % )

III ( 50 % )

IV ( 25 % )

IV + IV

-

II ( 25 % )

III ( 25 % )

IV ( 50 % )

Резус- факторды тұқым қуалау

Ата-анасы оң резус-факторына иемденген жанұяда теріс резус-факторды баланың туу түсінбестікті немесе сенбеушілікті туғызады. Келіншегін опасыздық танытты деп білу және кінә тағу жағдайына әкеледі. Қалайда дегенімен, мұндай жағдайлар кездеседі. Осындай мәселенің басын ашатын түсініктемесі бар.

Резус-фактор – 85% адамның эритроцит мембрамасында орналасқан липопротеид (олар резус-оң болып санадады). Ол болмаған жағдайда рузусы теріс қан туралы сөз болады. Бұл көрсеткіштер тиісінше «плюс» немесе «минус» бар Rh латын әріптерімен белгіленеді. Әдетте резусты зерттеу үшін гендердің бір жұбын қарайды.

  • Оң резус-фактор әдетте DD немесе Dd белгіленіп, доминантты белгі болып табылады, ал теріс - dd, рецессивті. Гетерозтготтық резусы ( Dd ) бар адамдар қосылғанда, олардың балаларында 75% оң, қалғандарын 25%-да теріс резус болады. Ата-аналар: Dd x Dd. Балалар: DD, Dd, dd. Гетерозиготтық резус-теріс ананың резус-конфликтілі баланың сәйкеспеушілігі негізінде пайда болады немесе көптеген ұрпақ бойы гендерде сақталуы мүмкін.

Резус-факторы теріс болашақ анаға көмектесіп, резус-конфликтінің алдын алуға болады ма?

Иә, болады. Соңғы кездері антирезустік иммуноглобулин атты вакцина шықты, ол болған антиденеге алдынғы талдауынан кейінгі екі аптадан соң, бірақ ол табылмаған жағдайда ғана әйелге 27-28 апта мерзімінде енгізіледі. Вакцина бұлшық ет арасына енгізіледі және ағымдағы жүктілікте антидененің пайда болуының профилактикасы болып табылады. Егер егу жүргізілсе, ана антидене талдауын тапсырмайды, өйткені вакцина олардың жоқ болуына 100% кепілдік береді.

Бұның басқа варианты та бар – әйелге келесі жүктілікте резус-конфликтіге байланысты проблемаларды болдырмау үшін бала туғаннан кейінгі 48 сағат ішінде енгізілетін иммуноглобулин. Өкінішке орай, бұл препаратты жүктілік кезінде қабылдауға болмайды.

Жүктілік саны резус-антидененің пайда болуына әсер етеді ме?

Антиденелердің болу мүмкіндігі жүктілік сайын артады, сондықтан «резус-теріс әйелдерге» бала түсігін жасауға болмайды. Әдетте, алғашқы баланы күту барысында аналық ағзада резус-антиденелер көп болмайды, олар сәбиге сирек жағдайда ғана жетеді, сондықтан резус-конфликтінің болу мүмкіндігі өте төмен.

Алайда, түсік, аборт, бала туумен аяқталған әр жүктіліктен кейін резусы теріс әйел келешекте резус-конфликтінің болу мүмкіндігін төмендету мақсатында антирезустік иммуноглобулин міндетті түрде енгізіледі. Медициналық статистика көрсеткендей, жер шарының шамамен 85%-да оң резус-фактор, ал 15%-ында теріс резус-фактор бар.

Әйелдің қан тобын білу дәрігерлер үшін неліктен маңызды?

Егер ана бірінші, ал әке кез келген басқа қан тобын иемденсе, жүкті әйелдің қанында аналық ағза ұрықты бөтен зат ретінде қабылдайтын топтық антиденелер деп аталатын заттардың пайда болу мүмкіндігі бар. Балада АВ0 жүйесі бойынша конфликт себебінен «жаңа туылған нәрестелердің гемолитикалық ауруы» дамуы мүмкін. Мұны анықтау үшін жұбайлардың екеуі де жүктілік соңында (32-аптадан кейін) АВ0 талдауын тапсыруы тиіс. Бақытымызға орай, осындай проблемалар сирек туындап, жүктілік барысына әсер етпейді. Алайда медициналық қызметкерлерге ол жайлы білгені өте маңызды: егер топтық антиденелер табылатын болса, жаңа туылған нәрестеде қатты сарғыштық байқалуы мүмкін.

Әйелге жүктілік кезінде түрлі қан топтары бойынша бөлінетін бүгінгі күні сәнді болып табылатын емдәмді ұстану қажет пе?

Болашақ ана өз қан тобына қарамастан толыққанды және дұрыс тамақтануы тиіс.